Алматыда көліктің бейнетіркегіш құрылғыларын ұрлайтын күдікті ұсталды

Сурет: видеодан алынды
Алматыда көлік терезелерін сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаскөйдің заңсыз әрекеті “Қауіпсіз аула” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлердің кіреберісіне кіретін жерлерге орнатылған бейнебақылау камералары арқылы жазылып қалған.

Бұл деректер әлеуметтік желілер арқылы белгілі болды. Ол кезде полицияға ресми өтініштер болған жоқ.

Соған қарамастан, бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іс-шаралар барысында көліктері дәл осындай жолмен тоналған тағы алты жәбірленуші анықталды. 1996 жылы туған Б.есімді күдікті ұсталды. Тергеудің осы кезеңінде ол тек екі ұрлық жасағанын мойындады. Оның берген жауаптарының қаншалықты рас екенін алдағы тергеулер көрсетеді, – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Жауап беруші көліктердің терезелерін сындыру себебін де айтып өтті. Оның айтуынша, қаскөйді тек көліктерге орнатылған бейнетіркегіш құрылғылар ғана қызықтырған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс