Қаңтардағы бүлікке қатысқан екі шетелдік азамат анықталды – Бас прокуратура

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы қаңтар оқиғасы кезіндегі жекелеген эпизодтар бойынша қылмыстарға қатысы бар күдіктілер анықталып, ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Атап айтқанда, тергеу кезінде 2022 жылғы қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыда қала әкімдігінің ғимаратын басып алу кезіндегі тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан екі шетелдік азамат анықталды.Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, бұл азаматтар ғимаратты қорғап жүрген Мамандандырылған күзет қызметінің қарусыз қызметкерлеріне қарсы күш қолданған. Олар артып алынған арнайы құралдармен (қалқандар, таяқшалар) полицейлерді ұрып-соққан.

Бейнематериалдарды сәйкестендіру нәтижесінде қылмыскерлердің жеке басы анықталды.

Ағымдағы жылғы 1 ақпанда олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың қылмыстық әрекеттері Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу), 380-бабы 3-бөлігінің 1,4-тармақтары (билік өкіліне күш қолдану) бойынша сараланды. Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпарға сүйенсек, 2022 жылғы 6 қаңтарда қылмыскерлер телеэфир ұйымдастыру мақсатында «Көктөбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлап, ол үшін бейбіт тұрғындарды бірлесіп қылмыс жасауға көндіре бастаған әрі қылмыскерлер олардың өміріне қауіп төндірген. Қылмыс жасаудан бас тартқан 1992 жылы туған азаматқа олар мылтықпен екі рет оқ атқан.

Аталған қылмыстың ұйымдастырушысы ұсталды, ол бұрын сотталған 1983 жылы туған Алматы қаласы маңының тұрғыны болып шықты. Оның қылмысқа қатыстылығы куәгерлер арқылы дәлелденеді. Ол 25 қаңтарда соттың санкциясымен қамауға алынды.Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты