Алматыдағы тәртіпсіздіктерге қатысқан екеу бес жылға сотталды

Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық соты қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысушыларға қатысты қандай үкімдер шығарылғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық соттың мәліметінше, бүгінгі таңда қаңтар оқиғаларына байланысты Алматы соттарына 46-ға жуық қылмыстық іс түскен.

Оның ішінде 28 іс әлі де қарау сатысында. 18-і үкім шығару немесе тараптардың татуласуы түрінде қарастырылып, жабылды. Олардың басым бөлігі ҚР ҚК 188-бабы, "Ұрлық" бойынша тергелуде. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі

Соттағылар көп жағдайда сотталушылар өз кінәсін мойындайды, онысына өкініш білдіреді, сонымен қатар материалдық залалды өтейтінін баса айтты.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі сот үкімдерінің біріне кеңірек тоқтала кетті.

17 ақпанда Алмалы аудандық қылмыстық сотында ҚР ҚК 291-бабы, "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлау не қорқытып алу" бойынша екі азаматқа қатысты үкім жарияланды. Бұл азаматтар кінәлі деп танылып, бес жылға сотталды. Олар орташа қауіпсіздік колонияларында жазасын өтейтін болады. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев