«Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Семей қаласындағы қатаң тәртіптегі мекемесінде адам өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан Нұртас қатерлі ісікпен ауыратын әйелдерді атаулы мерекесімен ерекше түрде құттықтап, кішігірім қуаныш сыйлады. Ол өз қолымен ағаштан түрлі әдемі заттар жасап мекеме әкімшілігі арқылы, қазіргі күні ең қорқынышты (қатерлі ісік) ауруымен Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығындағы "химия-терапия" стационарлық бөлімшесінде ем алып жатқан науқас әйелдерге беріп жіберді.
"Өзім де қажетті нәрсенің бәрі бар еді. Кішігірім бизнесім сүйікті ісім де болды. Аяғымнан алдым басып, бір ғана қарғыс атқан күн - бұрынғы таныс адамдарыммен кездескенім менің бүкіл өмірімді қасіретке айналдырды. 16 жылға отбасым мен жақындарымнан айырылдым. Қазір жазамды темір тордың арғы жағында өтеп жатырмын. Мереке қарсаңында әйелдерді құттықтағым келіп, мекеме әкімшілігіне жүгіндім", - дейді сотталған Нұртас.
Аурухана қабырғасындағы әйелдер күтпеген сыйлыққа таң-тамаша болып, темір тордың арғы жағындағы азаматқа өз алғыстарын білдірді.
«Қазіргі уақытта мен химия-терапияның екінші компонентін- белгілі бір дозада алып жатырмын. Мен осы ауру түрімен ауырып қаламын деген екі ойласам түсіме де кірген емес. Бөлімшеде сотталушының сыйлықтарын әкелген ОВ-156/14 мекемесінің өкілін көргенде қатты таң қалдым, өзі қамауда отырып, бізге қамқорлық жасауы, бұл керемет қой. Жоқ емес, мен бар адаммын. Өзімді табысты кәсіпкермін деп айта аламын, бірақ бүгін алған сыйлық - ағаштан жасалған портфель мен үшін әлемдегі ең қымбаты, дүниеде ең қымбат нәрсе, негізі адамның көңілі екен," - дейді емделуші Ғалия.