28 панфиловшылар саябағының мүлкін ұрлағандар ұсталды

Алматы полициясы Батырлар аллеясының маңдайшаларын ұрлағандарды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Өтебаев наурыз күні 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Батырлар аллеясының тұғырынан 2 әріп пен 13 маңдайшаның ұрланғаны туралы арыз түскенін, оны полицейлер қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігі, сондай-ақ ҚК-ныі 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін еске салды.

Бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері де кірді.Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев

Полиция басқармасының өкілі ұрылар бірден анықталғанын айтты.

Сондай-ақ, қысқа мерзімде олар айдаған көлікті анықтау мүмкін болды. Күдіктілер – үшеу, олар 1996 және 1997 жылы туғандар. Олар – Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғындары. Қылмыскерлер ұсталып, қамауға алынды. Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев

Полиция қызметкері олар шойын маңдайшалар мен әріптерді қабылдау пунктіне өткізу үшін ұрлап кеткендерін мойындағанын мәлімдеді.

Біз ұрланған мүліктің сатылу бағытын жедел анықтап, ұрланған заттарды сатып алуға қатысы бар тағы үш айыпталушыны анықтадық. Олар да сол ауылдың тұрғындары. Соңғы орын – Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы Бекмаханов көшесі бойындағы металл қабылдау пункті. Батырлар Аллеясынан алынған әріптер мен маңдайшаларды ерітуге дайындаған.Дәурен Өтебаев

Ол жалпы салмағы 44,5 келі болатын заттай айғақтар тәркіленгенін атап өтті.

Сатып алушыларға қатысты ҚР ҚК-нің 196 бабы 1 бөлігі, яғни қылмыстық жолмен алынған мүлікті иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар да уақытша ұстау изоляторына қамалды.Дәурен Өтебаев
Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: