Ең алғаш есептік жиында былтырғы жылы атқарылған жұмыстар бойынша бейнеролик көрсетілді. Одан кейін облыстың бас полицейі баяндама жасады.
Өткен жылы облыста онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар саны 2869-ды құрап, 11,0%-ға төмендеді. Бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары 26,4%-ға азайып, ашылуы 61,8%-ға көтерілді. Пәтер ұрлығы 17,2%-ға, мал ұрлығына байланысты қылмыстар 16,3%-ға азайды. Аса ауыр қылмыстардың ашылымы 96,6%-ға жоғарылады. Генерал-майор Мұрат Қабденов
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Полицейлермен үнемі есірткінің зияны жайлы сабақтар өткізіліп, брошюралар таратылып, билбордтар ілінуде. Брифингтер өтуде. Мұрат Қабденовтың айтуынша, соның нәтижесінде 2021 жылы есірткінің заңсыз айналымына қатысты 409 дерек тіркеліп, 5 тонна 506 килограмм есірткі заттары алынды. Аса қауіпті саналатын есірткінің синтетикалық түрін сақтаған 10 адам ұсталды.
Одан бөлек 187 сайтқа «Кибернадзор» бағдарламасы арқылы шектеу қойылып, бұғатталды. Оған қоса Есірткі түрлерін жарнамалаған екі тұлға анықталып, оларға қатысты ҚК-нің 299-1-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау шаралары да назардан тыс қалып жатпағанын, дегенмен өткен жыл ішінде 712 жол-көлік оқиғасы болғанын атап өтті.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31,7% - ға аз. Ал осы өкінішті жайттардың салдарынан 319 адам қаза тауып, 743 адам жарақат алған. 1 жыл ішінже 710 мың 330 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде жол қозғалысы бойынша – 611 мың 546 құқықбұзушылық. Ал көлікті мас күйде басқарған 1037 жүргізуші анықталды. Облыс көлемінде біздің бақылауымызда 56 бейнекамера мен 70 фиксатор бар. Олардың көмегімен 281 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды. Генерал-майор Мұрат Қабденов
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Сондай-ақ ол алаяқтық қылмысының өзектілігіне тоқталып, бұл қылмыстың тіркелуі еке есеге көбейгенін жеткізді және облыс тұрғындарын алаяқтарға алданбауға, өзіне ғана белгілі құпия деректерін ешкімге айтпауға кеңес берді.
Өздеріңізге белгілі, ТО ПД басшысы М.Талапұлы, қызметке тағайындалған сәттен сервистік полиция моделін енгізу бойынша жұмысты қолға алды. Осыны байқаған түркістандық тұрғын есеп беру кезінде азаматтарды қабылдау бөлмесіне келіп, осы тақырып аясында сұрағын қойды. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны Әсел Бейсенбекқызы есімді тұрғын, жалпы сервистік полицияны құрудағы оның мақсаты, маңыздылығы, тиімділігі туралы айтып беруін өтінді.
Онлайн режимде өткізілген есеп беру жиыны ТО ПД-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде жүргізілді. Өз кезегінде 500-ден астам тұрғын өздерінің ұсыныс-пікірлерін, сауалдарын жолдады. Соның арасында қала тұрғыны Гүлмира Баймұратова «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» турасында сұрағын қойды.
Аталған қылмыс өткен жылы 4,8 пайызға өсті Сондықтан осы жылы отбасындағы зорлық әрекеттерін азайту шаралары атқарылуда. Кешегі Президентіміздің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауында қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдануы айтылды. Демек бұл ретте, біз отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтармен күресуіміз тоқтамайды және жұмыс күшейтілді. Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары А.Сейдуалиев
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
«Жалпы Түркістан облысында криминогендік жағдай тұрақты. Қылмыс саны ең аз аймақ! Осы орайда сіздерге полицейлер атынан алғысымды білдіремін. Қоғамдық қауіпсіздік пен сіздердің тыныш ұйқыларыңыз үшін, жеке құраммен бірге шаршамай қызмет атқарамыз. Және полицияға қатысты арыз-шағымыңыз болса есігіміз ашық, келіңіз. Болмаса әлеуметтік желідегі менің жеке парақшама жазыңыз. Мен өз тарапымнан қылмысты азайту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында жұмыстарды атқаруда барымды саламын», деген Мұрат Қабденов сөз соңында баршаға өзінің ризашылығын жеткізді.
Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі