Алматы облысында көпір астынан өтпек болған жүк көлігі «ілініп» қалды

Сурет: Instagram/dorogi_almaty_official
Алматы-Өскемен тас жолының 62 шақырымындағы жол учаскесінде HOWO жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жүргізуші жүріп келе жатқанда кузовы кездейсоқ көтеріліп кеткенін түсіндірді. Көлік көпірдің жиегін іліп кетіп, онда ілініп тұрған билбордты бүлдірген. Салдарынан жүк көлігінің алдыңғы доңғалағы көтеріліп, тікесінен тұрып қалған. Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Көпірдің тірегі зақымдалмағаны айтылады.

Медициналық тексеруден өтіп жатқан 48 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі аздап жарақат алған.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы, яғни "Көлік құралдарының, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың бүлінуіне немесе материалдық залал келуіне әкеліп соққан жүргізушінің жол ережелерін бұзуы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы