Желіде қалдырған пікірі үшін павлодарлық қамауға алынды

Сурет: Zakon.kz
Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Vpavlo» парақшасында Павлодар қаласының атын өзгерту туралы петициясында Қазақстан тұрғындарының атына қорлайтын пікірлер қалдырғанын және сол қылығы үшін өкінетінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты әлеуметтік желіде ел тұрғындарының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін пікірлері үшін 59 жастағы қала тұрғынына қатысты істі қарады, делінген соттың сайтында.

Сот 2022 жылдың 13 сәуірінде Павлодар қаласында «Instagram» әлеуметтік желісінің полицейлерімен «Vpavlo» парақшасында әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында «М» қолданушысы ел тұрғындарының ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін пікірлер жазған, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындап, «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «Vpavlo» парақшасында Павлодар қаласының атын өзгерту туралы петициясында Қазақстан тұрғындарының атына қорлайтын пікірлер қалдырғанын және сол қылығы үшін өкінетінін түсіндірді.

Қоғамдық төртіпті бұзу – бұл мораль мен құқық нормаларды, заңсыз әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді бұзумен байланысты кез келген заңсыз әрекеттер.

Сот М.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған үш тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі