Шымкентте шендіні бопсалаған блогер ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекеттік қызметкер талап етілген соманың бір бөлігін беру кезінде күдікті ұсталды. Жедел уәкілдер Toyota Camry көлігінен 300 000 теңгені тауып, тәркіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қалалық криминалдық полициясына бопсалау құрбаны мемлекеттік шенді шағымданды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Ол өзін блогер ретінде таныстырған бірнеше адам одан жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтты. Өз кезегінде олар әкімшілік ғимаратта мемлекеттік ту жыртылған бейнежазбаны таратпауға уәде еткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері, ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тіркеді.

Криминалдық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті қылмыс үстінде қолға түсті. Тәртіп сақшылары азаматты ұстау барысында, оның « Toyota Camry» маркалы автокөлігінен 300 000 теңге көлеміндегі ақша тәркіледі.

Қазіргі таңда, сот шешімімен күдікті қамауға алынып, ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үстінде.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды