Алматыда жол ережесін бұзған 476 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды

Cурет: Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Бұл мәліметті жергілікті полиция қызметі «Жаяу жүргінші» іс-шарасының бес күндік қорытындысы бойынша келтіріп отыр. Рейд барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында азаматтарға жол жүру ережесі түсіндіріліп, оны мүлтіксіз сақтау бойынша ұсыныс берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғаларын азайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 18 сәуір мен 23 сәуір аралығында қала аумағында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған «Жаяу жүргінші» жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

ЖАІ (жедел-алдын алу іс-шарасы) басталғалы бері 615-бап (жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысына басқа да қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша 476 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Сонымен қатар Жергілікті полиция қызметі өткен тәулікте Абай даңғылында самокат тізгіндеген адамдардың жол қозғалысы ережесін бұзуының алдын алу бойынша жұмыс жүргізілгенін хабарлады.

Рейд барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында азаматтарға жол жүру ережесі түсіндіріліп, оларды мүлтіксіз сақтау бойынша ұсыныстар берілді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті