Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы болып Думан Таев тағайындалды

Сурет: Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Ақмола облысы полиция департаментіне полиция генерал майоры Думан Таев басшылық ететін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болып полиция генерал-майоры Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Жаңа бастықты жеке құрамға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды, деп хабарлайды Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Білімі мен мамандығы (біліктілігі):

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавловск қ.ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін басқарды, сол жылы Петропавловск қаласының ІІБ бастығы болып тағайындалды.

Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавловск қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы лауазымы-ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды