Әртүрлі мезгілде көз жұмған ауыл адамдары бір үйде дастарқандас болғаны анықталды

Сурет: Zakon.kz
Қаза тапқан алты адамның барлығы Ертіс ауылының тұрғынының үйінде сақталған ыдыстағы сұйықтықты тұтынған. Ыдыс тәркіленіп, онда қалған сұйықтықты тексеру үшін сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 29 мамырда тағы бір ауыл тұрғыны аудандық ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол - Ертіс ауылында белгісіз сұйықтықтан көз жұмған алтыншы адам.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас Ертіс ауылының аудандық ауруханасында қайтыс болған, тағы біреуі Павлодардың үшінші қалалық ауруханасында өте ауыр жағдайда жатыр. Дәрігерлердің бар күш-жігерін салғанына қарамастан, оның жағдайы нашарлап барады.

Ең бірінші болып 27 мамырда сағат 22:17-де 67 және 32 жастағы әкелі-балалы екі адамның денесі өз үйінен табылды.

Келесі күні, сағат 7:15-те ауруханада 47 жастағы ауыл тұрғыны қайтыс болды. Біраз уақыттан кейін, сағат 7:24-те 65 жастағы зейнеткер өз үйінде өлі күйінде табылды. Сағат 16: 00 шамасында ауруханада 53 жастағы ауыл тұрғыны қайтыс болды.

Барлығының денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Барлық жағдайлар бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті Ертіс ауданының полиция бөлімінде тіркелген.

Тексеру жүргізіліп жатыр.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды