Өзбекстанда туристерге электрошокер қолданған полицейлер жұмыстан қуылды

Сурет: iiv.uz
Самарқандта Қазақстаннан келген туристерді ұстау кезінде электрошокер қолданған ІІБ-нің екі қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Газета.uz-дың хабарлауынша, жұмыстан қуылғандарға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін патрульдік милияцияның арасында Қазақстан азаматтары да бар туристер тобын ұстағаны туралы ақпарат жарияланған. Зардап шеккендердің айтуынша, ұстау кезінде күштік әдістер мен электрошокерлер қолданылған.

Кейін Өзбекстанның ІІМ Самарқандтағы полиция қызметкерлерінің түнгі уақытта құжаттарды тексеру кезінде Қазақстаннан келген туристерге электрошокер қолдану фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізетіні белгілі болды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды