ШҚО тұрғыны үш жылқыны қағып, жол апатынан өзі де қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысында 21 жастағы жүргізуші тас жолда үш жылқыны қағып, жол апатынан өзі де қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 шілдеде сағат 4:20 шамасында Жарма ауданындағы "Омбы-Майқапшағай" тас жолының 484/837 шақырымында жол апаты орын алды.

Toyota Crown көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, үш жылқыны қаққан.

Жол апаты салдарынан алған дене жарақатынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Көліктегі төрт жолаушы (1974, 1997 жылғы екі әйел және 1997 жылғы ер адам мен 2021 жылғы сәби) ауруханаға жеткізілді. Ер адам ауруханаға жатқызылды.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі, яғни Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеліп соғуда жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатын болады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: