Алматыда кілт тоқтаған автобустағы жолаушы жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

Сурет: aet.kz
2022 жылдың 26 шілдесінде Алматыда №38 маршруттық автобустарының бірінде оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Автобус Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытқа қарай жылжып келе жатқан. Шамамен сағат 11:10-да жүргізуші тежегішті шалт басып, салдарынан салондағы жолаушылар еденге құлады.

Олардың бірі – 1947 жылғы әйел көптеген дене жарақатын алып, №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желіде туыстарының жазуынша, әжей жансақтау бөліміне түскен. Оның алты қабырғасы сынып, бас-ми жарақаты, кеуде тұсының көгеруі, миына қан кетуі сынды зардапқа тап болған.

Туыстарының айтуынша, автопарк әкімшілігі олармен байланысқа шықпаған.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі бұл факті Әуезов ауданының ПБ тергеуге алғанын хабарлады. Тиісті сараптамалар тағайындалатын болады. Жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Алматыэлектротранс тергеу шаралары аяқталғаннан кейін түсініктеме беретінін жеткізді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде