Көкшетауда банк менеджері клиент шотындағы ақшаны ставкаға тігіп, ұтылып қалған

Сурет: pixabay
Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны полицияға хабарласып, картасынан 310 мың теңгенің ізім-қайым жоғалғанына арызданды. Ер адамның айтуынша, оған қандай да бір қоңыраулар келіп түспеген, көрсетілген қаражатты ол қандай да бір шотқа аудармаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған фактіге сәйкес, полицейлер ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі, яғни "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

Anti-fraud республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Көкшетау қаласы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысқа бірнеше күн бұрын арыз түсіруші өз арызында атын атаған 19 жастағы банк менеджерінің қатысы барын анықтады. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Ұсталған азаматтың айтуынша, 14 шілдеде ол несие алу мәселесі бойынша өтініш білдірген клиентке қызмет көрсеткен. Қызметтік жағдайын пайдаланып, жас жігіт клиенттің жеке шотындағы 310 мың теңгені букмекерлік кеңседегі өз шотына аударады. Одан соң ұрланған ақшаны менеджер ставкаға тігіп, ұтылып қалады.

Қазіргі уақытта ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындады, қылмыстық істі тергеу жалғасын тапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі