Есіктегі атысқа қатыстылардың барлығы ұсталды

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Қарулы қақтығыс кезінде пайдаланылған қару тәркіленіп, қылмыстық тергеу материалдарына тіркелді. 1992,1999 жылдары туған үш күдікті қамауға алынды. Олар түзеу мекемелерінде бұрын жазасын өтегендер, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басты айыпталушы бірінші күні ұсталды. Қалған екеуі кеше ұсталды. Үшеуі де УҰИ-ға қамалды. Төбелес кезінде пайдаланылған атыс қаруы (помпалық бес оқтаулы мылтық) тәркіленіп, заттай дәлел ретінде тергеу материалдарына тігілді. Қылмыстық тергеу облыстық департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды, - деді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу амалдары қылмыстық заңнаманың үш бабы – "Адам өлтіру", "Адам өлтіруге оқталу" және "Қару қолданудағы бұзақылық" бойынша қолға алынды.

23 шілдеге қараған түні Есік қаласындағы ауруханаға 18 және 30 жастағы екі жергілікті тұрғын оқ жарақатымен жеткізілді, олардың бірі жансақтау бөлімінде көз жұмды. Кейінірек полиция аталған іс бойынша негізгі айыпталушы ретінде танылған 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді