"Үш бүлдіршін анасынан айырылды". Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды

Сурет: polisia.kz
26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 көліктері қақтысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды Zakon.kz.

Үш кәмелет жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді.

Қос көліктің жүргізушілері мен екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне босатылды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі “Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы” бойынша СДТТБТ-не тіркелді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы