ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары ШҚО-дағы түрмелерді аралады

ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Сағат Мәдиев облыс мекемелеріне барып, жеке құрамның жұмысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, әділет полковнигі Сағат Мәдиев ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірлесіп, тергеу изоляторындағы қамауда отырған азаматтардың жағдайларын, әрбір камераларды, бейнебақылау материалдарын тексерді.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Одан бөлек ол қала ішінде орналасқан 4 колонияға барып, сотталғандардың тұрғын үй-жайларды, өндірістік аймақтарды, асхананы, ұзақ, қысқа мерзімді кездесу және бейнебақылау бөлмелерін аралап шықты.

Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Облыстық департаментте өткізілген тексеру нәтижелері бойынша қорытындылар шығарылып, бірқатар проблемалық мәселелер қаралды, олар бойынша белгілі бір шешімдер қабылданып, кейбір мәселелер бойынша оларды одан әрі шешу үшін міндеттемелер қойылды.

Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысындағы 6 колонияда бүгіндері 3000 сотталған жазаларын өтеп жатыр.

Өскемен
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: