Ақтауда бес жасар спортшы қызды зорлады деген күдікпен жаттықтырушысы ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Полиция зардап шеккен қыздың анасының мәлімдемесінен кейін қылмыстық іс қозғады. Қыздың ата-анасының айтуынша, алдымен олар баласының біртүрлі болып жүргенін байқайды, содан кейін сұрақ-жауапқа алынғанда ол масқара жағдайды егжей-тегжейлі баяндап берген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүлдіршін болған оқиғаны жаттықтырушысы "құпия" деп атап, өз нұсқаулығымен жүруді бұйырғанын айтады. Ол тәрбиешісінің айтқанын істеген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт ҚР ҚК 124-бабының 3-бөлігі, яғни "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Спорт мектебінің тәрбиеленушілері әлеуметтік желіде видео үндеу жолдауда, ал олардың ата-аналары бұл жағдайға сенбейтіндерін мәлімдейді. Желі қолданушыларының кейбірі таяуда ғана оған белгісіз біреулер шабуылдағанын еске салып, бозбалаға қасақана ор қазылған деп санайды.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін