Талдықорғандағы бала өлімі. Сот күдіктіні изоляторға қайта тоғытты

Сурет: Zakon.kz
Талдықорған қалалық прокуратурасы полиция наразылығын қолдады. Қылмыс ауыр санатқа жатады. Кісі өлтірді деген күдіктіге тағайындалған бұлтартпау шарасы үй қамақтан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдықорғанда үш жасар баланы ұрып-соғып өлтірді деген күдікке ілінген 23 жастағы қызға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

12 қыркүйекте Талдықорғандағы ауруханалардың біріне ұрып-соғу белгілері айқын - көк-ала қойдай үш жасар бала келіп түсті.

Дәрігерлер барын салғанына қарамастан бала қайтыс болды. Полицейлер 23 жастағы қыздың анасымен бірге марқұм бала мен оның бір жасар інісін қарағанын анықтады.

Алдымен қыз УҰИ-ға қамалды, бірақ қалалық сот оған "үй қамақта" болуға рұқсат берді.

Дегенмен прокуратура полицияның күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қолдап, сот шешіміне наразылық білдірді.

Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды