Жаңаөзенде кішкентай қызға азғындық жасамақ болған күдікті ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Жаңаөзенде кішкентай қызға азғындық әрекеттер жасап, тиіспек болды деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Лада" басылымының хабарлауынша, ер адам 18 қыркүйекте ұсталған. Оған қатысты тергеу сараптамасы жүргізілді.

Сағат 12: 30-да Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының 102 жедел байланыс желісіне белгісіз ер адамның кішкентай қызға тиіскелі жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден аттанды. Оқиға орнынан 47 жастағы күдікті ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы (Сексуальды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Маңғыстау облысының полиция департаменті
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Трамп: Ресей мен Украина энергетикалық нысандарға соққы бермеуге келісті