Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 14:16 Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2026 жылғы 3 қарашада есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, комитет қызметкерлері Каспий теңізінің акваториясында халықаралық есірткі арнасын жойған.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл 1 қарашада Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаментімен бірлесіп, қуғыннан жүзу құралымен қашпақ болған үш шетелдік азаматты, сондай-ақ жағалау аумағында Қазақстанның екі азаматын ұстаған.

"22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын көлемді жүрдек катер тәркіленді", – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ҰҚК мәліметінше, Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: