Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жықты: Денсаулық сақтау министрі оның жағдайын айтты

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.11.2026 14:49 Фото: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2026 жылғы 3 қарашада Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Жамбыл облысында жоғары сынып оқушылары соққыға жыққан жасөспірімнің жағдайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, жасөспірімнің жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бала ауруханаға түскен сәттен бастап Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) мамандары телемедицина арқылы жергілікті дәрігерлерге кеңес беріп, науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр.

"Ол комада жатыр. Бұл – дәрі-дәрмектің көмегімен енгізілген кома. Қазіргі жағдайы оны басқа клиникаға ауыстыруға мүмкіндік бермейді. Жағдайы тұрақталған бойда санитариялық авиация арқылы Астанаға жеткіземіз", – деді министр.

Ол жасөспірімнің сауығуына қатысты болжам айтуға асықпады.

"Қазір бұл туралы айту қиын", – деді Ақмарал Әлназарова.

Оқиға 31 қазан күні кешке Бірлесу-Еңбек ауылында болған. Тоғызыншы сынып оқушысының туыстары оны аяусыз соққыға жығуға "жиналысқа" кешігіп келуі себеп болғанын айтады. Зардап шеккен баланың жақындарының сөзінше, ауылда бейресми иерархия қалыптасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: