"Әбден қажып, әлі құрыған". Жамбыл облысында жоғалған әйел табылды

Сурет: polisia.kz
Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды. Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Сарысу ауданының полиция бөліміне Саудакент ауылының тұрғыны 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткені туралы өтініш білдірді. Әйел үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған. Ол 2011 жылдан бастап психикалық диспансер орталығында есепте тұрады.

Хабарламадан соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылып, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды. Іздестіру шаралары Сарысу ауданының елдімекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдардың аумағында да жүргізілді. Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойлары да тексерілді.

Жоғалған әйел 5 күннен кейін жазық даладан табылды. Жағдайы өте ауыр. Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, волонтерлерге және тұрғындарға іздеу шараларына белсенді түрде қатысқаны үшін алғыс айтқым келеді. Сарысу АПБ бастығы Асхат Алметов бастаған полиция қызметкерлері күн-түн демей іздеу жұмыстарын жүргізді. Енді таба алмағанымызда менің әпкем қайтыс болар еді. Тіпті елестетудің өзі қорқынышты, – деді әйелдің ағасы.
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда телеарналар мен радио хабар тарату уақытша тоқтайды

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады

Ақтөбеде "BEST IN AQTÓBE" рейтингтік жобасының І маусымы қорытындыланды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды