ҚР ІІМ "ресейлік мигрант" туралы видеоға қатысты түсінік берді

Сурет: видеодан алынды
"Жесть дня" Telegram-арнасында Қазақстан қалаларының бірінде түсірілген ер адамды ұрып-соғудың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео сипаттамасында зардап шегуші – Ресей Федерациясынан келген мигрант, ал шабуылдаушылар – Қазақстан азаматтары-мыс деп көрсетіледі. Жанжалға ұлтаралық алауыздық себеп болған деп те айтылады.

Бұл жағдайға қатысты ҚР ІІМ түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, видеоның Қазақстанда түсірілгеніне еш дәлел жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz .

Қазіргі уақытта ішкі істер органдары осы видео бойынша тексеру іс-шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар полицияға осы негіздегі фактіге қатысты арыз келіп түскен жоқ. ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұл видеоны Қазнет қолданушылары да талқылап жатыр. Мысалы, блогер Ұлан Әбішев ұлтаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған бұл видеоны қойылым деп санайды.

Түрлі ақпараттың, фейктердің көп таралуы, сайттарға жасалған DDoS -шабуылдар – біреулер Қазақстанға қатысты ақпараттық науқан жүргізіп жатқанға ұқсайды, - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады