Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарын қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Сурет: gov.kz
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу соты Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін, ал екінші бұрынғы орынбасары Марат Осиповтың қамауда ұстау мерзімін 2022 жылдың 22 желтоқсанына дейін ұзартты.

6 қаңтарда ҰҚК сатқындық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов және басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғаны белгілі болды.

Алдында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов ҰҚК-нің бұрынғы басшысы 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізген еді.

Қазақстан
Мәсімов Кәрім

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Елімізде жаңбыр, қар жауып, -6 градусқа дейін аяз болады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Тоқаевтың "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" жолдауы: толық мәтін

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі