"Мұғалім емеспін". ІІМ-нің жалған VIP рұқсат қағазына ие ару көптен кешірім сұрады

Сурет: видеодан алынды
Әлеуметтік желіде ҚР ІІМ-нің VIP рұқсат қағазына ие Қаскелеңнің мұғалімі жайлы ақпарат тарап, ол қоғамдық резонанс туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кейінірек, тексере келгенде, аталған ұстаз білім беру мекемесінің қызметкері болмай шықты.

Ал әлеуметтік желіде өзін Аружан Насимова деп таныстырған бұл қыз №176 гимназияда мұғалім екенін айтады. Оның сөзіне сенсек, ол Қаскелең қаласында тұрады, қолында ҚР ІІМ-нің VIP рұқсат қағазы бар, жүргізуші куәлігін сатады, жолдың қарама-қарсы бетімен де жүре береді, ішімдік ішіп, рөлге отырады, автотұрақтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орынды да пайдалана береді, нөмірсіз жүруіне де болады. Жазбада осы айтылғандардың барлығы оның әлеуметтік желідегі ресми парақшасынан алынғаны ескертіледі.

Полиция қызды тауып, ол көпшілік алдында кешірім сұрады.

Мен, Аружан Насимова Интернетте, яғни Telegram арнада жарияланған бейнеролик үшін барша Қазақстан халқынан шын жүректен кешірім сұраймын. Аталған бейнероликтегі әрекеттерімнің дұрыс еместігін түсініп, өз кінәмді толықтай мойындаймын. Алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбайтындығына сөз беремін. Сонымен қатар мен мұғалім болып жұмыс атқармаймын. Сондай-ақ қандай да бір лауазымды қызмет атқаратын туысқандарым жоқ, - дейді ол
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар