Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 11:46 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Астанада Temirlan мен Yernat және Mansur Qudaibergen есімді домбырашылардың концерті өтті. Онда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Threads желісіндегі mysoul_dimash парақшасының мәліметінше, Әбілмансұр Құдайберген – жас мультиинструменталист және композитор, Димаш Құдайбергеннің інісі.

Концерт аяқталғаннан кейін Димашты жанкүйерлері қоршап алған, осы қысымнан сол жердегі егде жастағы әйел зардап шеге жаздады. Алайда, қырағы әнші мұны байқап, әжейге көмек қолын созды.


Посмотреть в Threads
"Миуа-апай Димашқа деген көрермендердің сүйіспеншілігінің алаңына түсіп қалды, және Димаш мұны көріп, апайды қауіпсіз жерге шығарып, оған көмектесуге белгі берді. Бұл елеусіз, бірақ өте маңызды әрекет..." – деп жазылған жазба астында.

Бұған дейін Димаштың інісінің өнері көпшілікті таңдай қақтырғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: