Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен адам өлтіру, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жәбірленушіні қасақана қазаға ұшыратқаны (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы) үшін айыпталған 8 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Айта кетсек, қайғылы оқиға 2021 жылдың тамыз айында орын алды. Ер адамнан "ауылдан тысқары жаққа шығып кетуі" сұралады, содан кейін ол қатты соққыға жығылады. Оны темірмен ұрып-соғып, басын жарып, аяқ-қолын сындырып, далаға тастап кеткен. Қалбағаевты ауыл шетінен кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар байқап, жедел жәрдем қызметіне қоңырау шалған. Ер адам ауруханаға бара жатқанда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Сот ұрып-соғуға қатысқан үшеуді ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы, яғни "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды және оларға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Тағы бесеуі ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы - "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп танылды, оларға алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
"Сотталғандардан жәбірленушінің пайдасына 37 млн теңге көлемінде моральдық зиян үшін өтемақы өндірілді", делінген сот шешімінде.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.