Атырау облысының полициясы баланы ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты видеоны назарға алды

Сурет: Facebook/Лугзана Байлауова
Атырау қаласындағы мектепке дейінгі арнайы мекемелердің бірінде баланы ұрып-соғып жатқан тәрбиешінің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Атырау облыстық ПД бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Facebook -те жарияланған бейнебақылау камераларынан алынған таспа жазбасынан "Жас Ұрпақ" жекеменшік балабақшасының тәрбиешісі кішкентай баланың құлағынан салып жіберіп, саусақтары мен қолдарын бұрағанын көруге болады.

Бұл видеоны жариялаған баланың анасы полицияға арыз жазғанын жазады.

Атырау облысы полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынғанын хабарлады.

"Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды