Алматылық азаматтан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді

Сурет: wikimedia
3 желтоқсанда Алматы қаласының тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері шаһардың Алатау ауданындағы Заря Восток ықшам ауданында арнайы іс-шара жүргізді. ҰҚКБ қызметкерлері жергілікті тұрғынның Қызыл кітапқа енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы жедел ақпаратты тексерді. Дабыл расталды, деп хабарлайды polisia.kz.

Күдікті – 42 жастағы Х.есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылып, тәркіленді.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 399-бабы бойынша тіркелді.

Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталатын болады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Тоқаев пен Рахмон Бірлескен мәлімдеме қабылдады