Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Фото: Zakon.kz
Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Орал қаласында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау облысының шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Қостанай облысының батысында, оңтүстік-батысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Павлодар қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Жезқазған қаласында тұман болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында жаңбыр, батысында, орталығында қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында жаңбыр, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Петропавл қаласында күндіз аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады.