Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, боран соғады

Заморозки, первый снег, осень в горах, похолодание, туман, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2026 20:36 Фото: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауып, жолдарда көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетіп, тұман, жаяу бұрқасын және шаңды дауыл күтіледі. Кей облыстарда өрт қаупі де сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді. Қарағанды қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 25 м/с-қа жетеді.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с болады. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15 м/с болады.

Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Астана қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, түнде және таңертең кей уақыттарда 23-28 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, түнде екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Көкшетау қаласында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семей қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с болады. Түнде облыстың таулы аудандарында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с болады. Петропавл қаласында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Қостанай қаласында түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: