Алматыда полиция бекетінің төбесіне шығып, отшашу атқан вайнер қамауға алынды

Сурет: polisia.kz
24 қарашада жас жігіт өзіне және парақшасына көпшілік назарын аудартуды ұйғарып, Алматыдағы стационарлық полиция бекетінің төбесіне шыққан. Онымен қоймай отшашу атқан, содан кейін ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД мәліметінше, полиция қызметкерлері біраз уақыттан кейін оның жеке басын анықтап, ұстаған.

Полицейлер мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді.

Жетісу аудандық полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желідегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша қараған.

Ол Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді