Карта, ақша және марихуана оралған түйіншек: Маңғыстау облысында покер клубы анықталды

3 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері 15-ші ықшам аудандағы тұрғын үй кешенінің бірінде орналасқан покер клубын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"3 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 15-ші ықшам ауданда орналасқан тұрғын үй кешендерінің біріндегі покер клубты жойды. Ұйымдастырушысы мен екі дилері ұсталды".Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Полицияның мәліметінше, тінту кезінде ойын үстелі, 154 фишка, 16 қорап карта және марихуананы қолдануға арналған қолдан жасалған екі құрылғы табылған.

Сонымен бірге 374 мың теңге, 200 доллар, 50 еуро және марихуана салынған түйіншек тәркіленді.

Үй-жайда басқа да ойыншылар мен даяшы болған.

Бұл факт ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі - "Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізімінде тіркелген. Қазір жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: