Астанадағы түнгі клубтардың бірінде бармен есірткі сатқан

Сурет: polisia.kz
Астанадағы түнгі клубтың 22 жастағы бармені есірткі таратқаны үшін ұсталды. Күдікті өзінің жұмыс орнында – түнгі клубтың бар үстелінде мефедрон сатып, келушілерге ұсынған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы прокуратурасының өкімі шеңберінде және оны үйлестіру кезінде жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізгеннен кейін жеткілікті дәлелдеме базасын алып, Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткіні ойын-сауық орындарында өткізгені үшiн түнгі клубта бармен болып жұмыс істейтін жас жігітті ұстады.

Бұдан әрі тергеу амалдары ұсталған азаматтың тұрғылықты мекенжайы бойынша жалғастырылды.

"Ұсталған азаматтың досымен бірге жалға алған пәтерін тінту кезінде "каннабис" және "синтетикалық" топтың есірткі заттары да тәркіленді. Бұл - шамамен 20 дана бір реттік дозан. Ұсталған азамат алдағы күндері оны өткізуді жоспарлаған" Астана полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығы Рустам Гасизов

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлығы 4 грамм мефедрон және 11 грамм гашиш тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің мүлкі тәркіленді.

Ұсталған азамат Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" Алматы мен Өскемен тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстандық альпинист Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шығып, патриотизмді паш етті

Ғалымдар құны алтыннан да қымбат болатын сирек кездесетін минералды тапты