Ақсуда жедел жәрдем көлігі екі бірдей жол апатына түрткі болған

Сурет: Zakon.kz
Ақсу қаласында Hyundai (жедел жәрдем көлігі) және Mercedes-Benz маркасындағы тағы екі көліктің қатысуымен жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апат 6 желтоқсанда Қамзин мен Астана көшелерінің қиылысында орын алған.


Жедел жәрдем жүргізушісі комаға түскен адамды ауруханаға дереу жеткізу үшін асыққаны белгілі.

"ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 6.1-тармағына сәйкес, қозғалыстың басқа қатысушыларынан артықшылыққа ие болу үшін жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері көк немесе қызыл түсті жарқылдауық жарық пен арнайы дыбыстық белгіні қосуы керек. Дегенмен олар өздеріне жол берілгеніне көз жеткізген жағдайда ғана артықшылыққа ие болады", – деді Павлодар облысы ПД.


Бірақ бұл жағдайда жүргізуші  өзіне жол берілгеніне көз жеткізбестен қозғалып, жол-көлік оқиғасына тап болды, деп атап өтті полиция.

Аталған фактіге сәйкес жедел жәрдем жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сараптама тағайындалды.


Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Алматы маңындағы көрікті жерлер