Полицейлердің айтуынша, кибершабуылдар гипноз және НЛП әдістерін қолданады, содан кейін адамдар не болып жатқанын аңғармай қалады.
"Қызығушылық танытқан әйел өзінің нөмірін қалдырған, кейінірек оған белгісіз адам қоңырау шалған. Қосымша табыс сылтауымен ер адам кейіннен инвестициялық алаңда табыс табу үшін банк шотына ақша аударуды сұрады". Polisia.kz
Жәбірленушімен түрлі "менеджер" салымшы ретінде жұмыс істей бастаған. Олар әйелге бір айда сауда алаңының шотына шамамен 30 млн теңге аудартқан, осы мақсаттар үшін жәбірленуші достары мен туыстарынан миллиондаған соманы қарызға, сонымен бірге банктерден несие алған. Кейінірек ақшаны алуға тырысып, өтініш беруші әртүрлі кедергіге тап болды және алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген.
Шортанды полиция бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Күдіктілердің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Тәртіп сақшылары ақшаны криптовалютаға, акцияларға, бағалы металдарға, ірі мұнай корпорацияларына және тағы басқа инвестициялау арқылы үлкен дивидендтер беретін күмәнді жобаларға ақша салмауды ұсынады.