"Астана" телеарнасының хабарлауынша, полицейлер құрған рейдтік топтар базарлар мен сауда орталықтарын араған. Қазір жарылғыш заттар интернет арқылы да сатылып жатыр. Ал пиротехникалардың да, оны сатушылардың да рұқсат қағазы болмайды.
Бір күнде осындай 13 факт анықталған
"Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес, яғни "тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсызсауда жасау" бойынша хаттама толтырылды. Барлығы 842 мыңға айыппұл салынып, 214 пиротехникалық өнімдер тәркіленіп алынды". Жахат Есжанов, Қарағанды облыстық ПД ӘПБ бөлім бастығы: