Атырау облысында жастар ұйымдастырған футболдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Сурет: pixabay
Атырау облысында ауыл тұрғындары арасында өткізілген футболдың соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ-тарда келтірілген дерекке сүйенсек, қайғылы оқиға 4 қаңтарға қараған түні Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында орын алған. Ауыл жастары жергілікті спорт кешенінде футбол ойнау үшін жиналады. Ойын барысындағы ерегес, сырттағы төбелеске ұласып, ақырында бір адам ауруханаға түсіп, тағы бір адам қаза тапқан.  

Жақында ғана әскерден оралған 22 жастағы жігіт пышақ жарақаттарынан көз жұмғаны нақтыланады.   

Бұл фактіні өңірдің полиция департаменті растады.


"Аталған фактіге сәйкес тергеу амалдары қолға алынды. Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды", - дейді ведомство өз жауабында.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда 10 қарашада күн +20°C-қа дейін жылып, келесі күні қар жауады

"Бұл – махаббат емес". ІІМ адамды аңдып, қудалағаны үшін жауапкершілік барын ескертті

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды

10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады