ҚР БП академиясының профессоры: Қаңтар оқиғасына "желілік тобыр" негіз болды

Сарапшылар 2022 жылғы қаңтардағы трагедия барысында "желілік тобыр" құбылысының көрініс тапқанын атап өтті. Мұндайда адамдардың көптеп көшеге шығуы мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылады, бұл - "қызғылт сары төңкерістерге" тән айла-шарғы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры Ұлболсын Жанатаева бейбіт наразылық акциялардың агрессивті топқа қалай ұтымды айналып шыға келгенін айтып берді.

"Желілік тобыр" деген термин бар. "Түсті-түсті төңкерістерді" ұйымдастырушылар мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланады. Бұл "түрлі-түсті төңкерістерге" тән – оқиғалар бір уақытта барлық аймақтарда басталып кетеді, экономикалық талаптар саяси талаптарға ұласады, ал бұқараның әрекеті бейбіт наразылық акцияларына тән болмайды, олар нысандарды - әкімдік, әуежай, қару-жарақ дүкендерін басып алуға көшеді". Ұлболсын Жанатаева

Бұл көзқарасты Бас Прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов та қолдайды. Ол 2022 жылғы қаңтарда Қазақстанның батыс өңірлерінде митингілер бейбіт түрде өткенін, митингіге қатысушылардың өздері бұзақылық жасау әрекеттерінің жолын кескенін атап өтті.

"Бірақ мессенджерлерде жұмыс қарқынды жүріп жатты. Тергеу барысында бірнеше сағат ішінде WhatsApp пен Telegram-дағы топтардағы адам саны 20-30-дан бірнеше мыңға дейін өскені анықталды. Бұл - жаппай және жақсы ұйымдастырылған дайындықтың көрінісі". Елдос Килымжанов


Сондай-ақ сарапшылар  2022 жылдың қаңтарында мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастыруға күштік құрылым қолдауымен криминалитет өкілдері де қатысқанын атап өтті.

Алматы ҚР Бас прокуратурасы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: