"Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды. Бірінші жағдайда оқиғаның 15 жастағы қатысушылары видеоның 2022 жылдың ақпанында түсірілгенін хабарлады. Олар өз кінәларын толық мойындады", - деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.
Қыздардың аналарына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127, 435-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
2023 жылғы жылдың 4 қаңтарда "Ұлжан" ықшамауданында қыздың денесіне зақым келтірген тағы үш қыздың ата-анасына да осындай шаралар қолданылды.
"Төбелеске қатысушылар тіркеуге алынып, ювеналды полиция инспекторларының бақылауында болады", - деді Талғат Беркінбаев.