Көлігі өртенген тараздық белсенді азамат жала жабу күдігімен ұсталды

2022 жылы қазанда полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, үйінің жанында тұрған өзінің автокөлігін әлдекімдер өртеп кеткенін айтты. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі зардап шегушінің өз жауаптарында, сондай-ақ әлеуметтік желіде өз автокөлігін өртеуді мемлекеттік қызметші-лауазымды адам ұйымдастырды деп күдік келтіріп, болған оқиғаны өзінің қоғамдық қызметімен байланыстырғанын жеткізді. Оған қоса, өртеу дерегі тіркелгенге дейін де ол әлеуметтік желіде өзіне қатысты лауазымды адамдар тарапынан "қастандықтар" жоспарланып отырғаны туралы хабарламалар жариялаған болатын.бөлігі жартылай зақымданған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде оның автокөлігін өртеген адам ұсталды. Өртеу автокөлік иесінің тапсырысымен жасалғаны анықталды. Оның мақсаты тергеу барысында анықталатын болады.

Енді арызданушыға қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді (Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнемдiк ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу).


"Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін, көлік иесі тергеуге әртүрлі жолдармен кедергі келтіруге тырысты. 7 ақпанда ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды. Тергеу жалғасуда". Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: