Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде қоқыс арасынан адамның денесі табылды. Қытайдың ала дорбасына салынған мәйіт қоқыста бірнеше күн жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, қоқыс алаңы қаладағы №33 мектептің маңында орналасқан. Сол жердегі аула сыпырушы ала дорбаның жатқанын бірнеше күннен бері көрген. Ақыры қолқаны қабатын иісі айналаға жайылып кеткен. Басында өлген ит немесе малдың еті ме деп ойлаған. Сонда да сезіктеніп полицияға хабар беріпті. Ал дорбаның ішінде ер адамның денесі болған.
Тәртіп сақшылары денені сараптамаға алып кеткен.
Қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру, тергеу, істің мән-жайын анықтау шараcы басталғанын айтады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript