Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан сөмкеден ер адамның мәйіті табылды

Ақтөбеде тұрғын үйдің жанынан сөмкеден ер адамның мәйіті табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2026 18:38 Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде резонанс тудырған адам өлтіру ісі бойынша күдікті ұсталды. Құрбанның мәйіті тұрғын үйдің маңында тұрған сөмкенің ішінен табылған. Бұл туралы 2026 жылғы 17 наурызда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Диапазон" басылымының мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түскен.

Тергеу мүддесіне байланысты оның жеке деректері, соның ішінде жасы мен тұрғылықты жері әзірше жария етілмейді. Белгілісі – күдікті ұсталған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті мен марқұм бірге спирттік ішімдік ішкен. Араларында жанжал туындап, күдікті ер адамға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қазіргі таңда ол қамауға алынды, қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Өткен аптада Ақтөбе тұрғындарын шошытқан сұмдық оқиға болған еді: қоқыс жәшігінен ішінде ер адамның мәйіті бар сөмке табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдік тудырған баул бірнеше күн бойы қоқыс арасында жатып, қолқаны қабатын жағымсыз иіс шығарған.

Сол кезде полицейлер сөмкенің ішінен 55 жастағы ер адамның мәйіті табылғанын мәлімдеген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: