Атырауда жүріп келе жатқан көлік ішінен отшашу атқандар ұсталды - видео

Атырауда жүріп келе жатқан көлік ішінен отшашу атқандар ұсталды - видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 11:13 Сурет: бейнежазба скриншоты
Атырауда көлік ішінен отшашу атқан жастар ұсталды. Бұл туралы 2026 жылғы 11 мамырда қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, жол бойында қауіпті маневр жасап, автокөлік ішінен әуеге отшашу атқан барлық тұлғалар жедел түрде анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

"Көлік жүргізушісіне жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қауіпті маневр жасап, авариялық жағдай тудырғаны үшін және жолаушысының көлік терезесінен денесін шығарған күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды". Атырау қаласы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, аталған тұлғаларға қатысты ұсақ бұзақылық, елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды қолдану және түнгі тыныштықты бұзу деректері бойынша да әкімшілік шаралар қабылданды.

Бұзақылық дерегі бойынша жүргізуші мен жолаушы әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Бұған дейін Арыс қаласында ағайынды екі ер адам синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: