Көкшетаудағы жатақханада ер кісі екі адамды пышақтап тастады

Сурет: видео скрині
Көкшетауда 50 жастағы тұрғын жатақханада екі адамды пышақтап тастаған. Ол бұл туралы кейін өзі полицияға хабарлаған. Бөлмедегі айқай-шуды көршілері де естіген, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шулап жатты. Бір ақсақал тұратын. Әйелді кеңірдегінен төрт рет пышақтаған дейді. Шалды білмеймін. Масқара. Ешкімге зияны жоқ". Марқұмның көршісі Найман Демесінов

КТК телеарнасының хабарлауынша, бөлмеде 87 жастағы ақсақал жалғыз тұрыпты. Қылмыс болған күні өзінен 30 жас кіші әйел мен ер адам қонаққа келген. Кісі өлтірді деген күдікті өзімен бірге келген әйелді егде жастағы азаматтан қызғанған көрінеді.

Пышақпен әуелі қарияны, одан соң әйелді бауыздаған. Күдікті бұрын да кісі өлтіріп, 8 жыл түрмеде отырған екен.

"Ауыр қылмысын бірден мойындады. Дегенмен полиция келгенше, пышақты жасырып, сыртқа лақтырып үлгерген. Екі бірдей адамды өлтірді деген күдікпен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу басталды".Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін