Астана тұрғыны көлік дөңгелектерін шешіп әкетіп, оны метал қабылдау пунктіне өткізіп жіберген

Астана тұрғыны тұрғын үйлердің аулаларында көп уақыт бойы жүрмей тұрған көліктерді қадағалап, кейін олардың дөңгелектерін ұрлаған, деп хабарлайды Zakon.kz
"Mersedes Benz автокөлігінен титан дискісі бар шиналарды ұрлап, 150 мың теңге шығын келтірді. BMW көлігінен де осындай бөлшектерді алып кеткен. Ұрланған заттарды метал қабылдау пунктіне және шина монтаждау орнына тапсырып үлгерген". Polisia.kz

Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде 30 жастағы елордалық анықталды.Қазір ол 10-нан аса көлікке ұрлыққа түсті деген күдікке ілінді. Өз кінәсін мойындап, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: