Жарты жылда журналистер мен блогерлерге қоқан-лоқы көрсеткен 18 адам ұсталды

Сурет: pixabay
2022 жылғы қыркүйектен бастап биылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ бір адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар заңға қайшы әрекеттер жасаған 18 адам ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.

ҚР ҚК 115 бап - "Қауіп", 147 бап - "Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату", 158 бап - "Журналистік қызметке кедергі жасау", 202 бап - "Бөтеннің мүлкін қасақана жою", 293 бап - "Бұзақылық" бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды.

Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Айта кетсек, ақпан айының басында Таразда полицияға әлдекімдер көлігіме от қойды деп жалған ақпарат берген белсенді азамат ұсталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді